Отработано
SD2301499
Ассалаумағалейкум. Мен Жеңіс даңғылы 59 үй, 3-подъезд тұрғынымыз. Біздің подъездің іші өте нашар күйде. Іші газ сасиды. Жертөледен сасық канализацияның құбырларының исі шығады. Подъезде жүру мүмкін емес. Бұл КСК "Свет" жұмыс жасай ма өзі. Подъездің темір есігі ол дұрыс жабылмайды, қисық одан жел кіреді. Ауламызда мемлекеттік бала бақша бар, балдар көп ойнайды. Бірақ аулада ішіп жүретін маскүнемдер аз емес. Солардың кесірінен балдардың заттары ол ұрланып жатты. Біз осы жылдың басында камера орнату жөнінде Ішкі істер министрлігіне хат жазғанбыз. Бірақ іске аспады. Осындай жағдайлар неге шешілмейді бізде түсінбеймін. Неге Сарыарқа ауданының әкімдігінің қызметкерлері мобилдік топ құрып неге қарап шолып шықпайды. Біз осындай елордада тұрамыз деп мақтанамыз. Бірақ осындай кемшіліктер мақтануға тұрғылықсыз. Өйткені тиісті мекемелер қадағалап отырса, жұмыс жүреді емеспе. Алтай Кульгинов мырза осы мәселелерді өзіңіз қолға алсаңыз. Сіздің іскер маман екеніңізді білеміз. Бізде жас отбасы ретінде сізден өтініп сұраймыз.
1506
просмотров
Поддержать обращение
0
Поделиться в соц. сетях
Рассказать друзьям
Местоположение
map marker
/ Нур-Султан (Астана), проспект Женис, 59
Публикация обращения
Ваше обращение доступно для просмотра другими пользователями. Хотите скрыть?
Пожаловаться на обращение
1
Создано
19 Nov 2019 17:54
2
Зарегистрировано
avatar
19 Nov 2019 17:54

Обращение "SD2301499" добавлено

3
В работе
19 Nov 2019 19:56
4
Отработано
avatar
20 Nov 2019 21:09

Құрметті Нұрсұлтан Тоғызбаев! Сіздің №SD2301499 өтінішіңізге: "Өтініштегі сұрақтарды толыққанды, жан-жақты, уақытында сәйкесінше шара қолдану үшін өтініш берушіге Достық көш. 13 («Нұрсая 2» КПТҮК) мекенжайы бойынша орналасқан Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына келіп жазбаша түрде өтініш қалдыру керек. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 6 бабы 2 тармағына сәйкес өтініш, өтініш берушімен қол қойылған немесе электронды цифрлық қолмен мақұлдануы керек. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 144 бабы 3 тармағы 2 тармақшасына сәйкес Бақылау және қадағалау субъектілерін жоспардан тыс тексеруге құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштерін және мемлекеттік органдардың өтініштерін қоспағанда, адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірілгені туралы нақты фактілер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері жатады", «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ ,берген жауабына сәйкес хабарлайды. Қала тіршілігіне белсене қатысқаныңыз үшін алғыс білдіреміз.

Вход на сайт
Закрыть
Войти с помощью aitu.passportВойти с помощью aitu.passport