Отработано
SD7715786
01 Jun 2022 08:49

Құрметті "Парковочное пространство Астаны" ЖШС басшылары!!!!

Кішкене болса да жүректеріңізде патриоттық сезім, елдің халықтың қамын ойлау, Жаңа Қазақстанға жаңа өзгерістер енгізу деген ой болса, қанша "бизнес жасау" деген мақсаттарыңыз болғанымен, қара халықты қанамау деген кішкене болса түйсіктеріңізде ой болса, менің мына мәселемді шешіп берулеріңізді және сұрақтарыма жауап берулеріңізді сұраймын!

Мен, Жирентаев көшесі, 14 мекен жайы бойынша, 3802 парковкаға көлігімді қойған болатынмын, 11:00 уақыт шамасы. 2.5 - 3 сағаттай болып, жұмыстарымды бітіріп, көлігіме отырып жүргелі жатқанда, қасымдағы көрші тұрған көліктегі кісі "эта парковка платная" деді. Мен парковка нөмірі көрсетілген указательный щитокты әрең дегенде байқадым, себебі талдың астына көрінбейтін жерге тығып қойған екенсіздер! Енді 3 сағат тұрған уақытыма төлейін десем Каспий приложение арқылы, 3 сағат деген жоқ екен, сөйтіп колл центрге телефон шалдым, маған: "Парковкаға көлігіңізді қойған уақыттан бастап, 30 мин ішінде төлеуіңіз керек" деді. "Мен қанша болатынымды қайдан білейін?" деген сұрағыма, "алдын ала есептеп білуіңіз керек" деп жауап берді. Не деген логика? Қандай ақылды адам ойлап тапқан мына ережені??? Мен сонда жұмыс бабымен авария болып жатса немесе адам ауырып көмек керек болып жатса, тағысын тағы көп мысалдар келтіре берсе, мен сонда "қазір күте тұрыңдар, парковкамның уақыты келді, 10 мин ішінде төлеп, создыртуым керек" деп қиналуым керек пе??? Соткамның зарядкасы отырып, телефон өшіп қалса ше? Мына жерде паркоматта жоқ қой, болса да сенімдімін істемейтініне немесе банк картамен төлем жасау мүмкін болмайтынына, ондай жағдайда болғанмын. Сол себепті, осыған не жауап бере аласыздар??? Сосын абонемент аласыз 1200 тг, солай ғана төлем жасай аласыз деді, бұл қалай сонда? Сағаты 100 тг, мен 3 сағат қана тұрдым, 300 тг төлеуім керек, неге мен 1200 тг төлеймін??? Осының бәрін істемесе штраф келеді ия??? Сосын, өз қызметтеріңізді ҚР қолданыстағы қай заңнамаға сәйкес жүзеге асырып жатырсыздар??? 30 мин ішінде төлем жасау керек деген қай жерде жазылған??? Указательный щитокта жазылмаған!!! Қайда ережелер??? Тек ақша жинау, халықты қанау ма??? Көрінетін жерге ережелеріңізді, заңдарыңызды жазып қою қиын ба???

Жауаптарыңызды күтемін!

367
просмотров
Поддержать обращение
0
Поделиться в соц. сетях
Рассказать друзьям
Местоположение
map marker
/ Нур-Султан (Астана), улица Жанайдара Жирентаева, 14 ул. Жирентаева, 14
Вложения
Публикация обращения
Ваше обращение доступно для просмотра другими пользователями. Хотите скрыть?
Пожаловаться на обращение
1
Создано
01 Jun 2022 08:49
2
Зарегистрировано
avatar
01 Jun 2022 08:49

Обращение "SD7715786" добавлено

3
В работе
01 Jun 2022 10:36
4
Отработано
avatar
17 Jun 2022 19:54

Құрметті қала тұрғыны! Сіздің өтінішіңізге: "Қазір жаз мезгілі болғандықтан біршама зоналардағы инфощиттер жапырақтардардан кейде көрінбей жатады, ол олқылықтың орнын толтырамыз - жазғы уақыттағы зоналарды қалпына келтіру жұмыстары барысында. Ақылы тұрақтарды пайдалану Ережесі елорда әкімдігімен бекітілген құжат, сол қаулыда ақылы тұрақты алғашқы 30 мин ішінде төлеу керек деп айқын жазылған, біздің компания сол қаулының аясында жұмыс жасайды және сол ережеден ауытқи алмайды / Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қазандағы № 108-1875 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2015 жылы 30 қарашада № 974 болып тіркелді/.", «Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ берген жауабына сәйкес хабарлайды. Қала тіршілігіне белсене қатысқаныңыз үшін алғыс білдіреміз.

Вход на сайт
Закрыть
Войти с помощью aitu.passportВойти с помощью aitu.passport