Пайдаланушы келісімдері

Осы Пайдаланушы келісімі "BTS Digital" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – «Компания») мен жеке тұлға –

  • Өтініштер;
  • Кеңестер;
  • Мектепке жол;
  • басқа Сервис терден тұратын «Aitu.city » (бұдан әрі - Сайт) интернет ресурсының пайдаланушысы арасындағы қарым-қатынасты реттейді.

Сервистер тізімі Пайдаланушымен келісусіз өзгеруі/толығуы мүмкін.

1. ТЕРМИН ДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР

Контент - мәтіндер, суреттер, мультимедиалық файлдар және кез келген өзге ақпараттық толтыру.

Өтініш – өтінішті қарайтын субъектіге немесе лауазымды тұлғаға жіберілген жеке немесе ұжымдық жазбаша, ауызша не болмаса электронды құжат, видеоконференцбайланыс, видеоөтініш нысанындағы ұсыныс, арыз, шағым, сұрату немесе пікір;

Серіктес – Компаниямен жасалған шарттар негізінде онлайн сервистер ұсыну саласында ақпарат алмасуға қатысты бірлескен іс-әрекет, пайдаланушылар базасын құру, оны қолдану, ұлғайту, атқарымды кеңейту, сондай-ақ, Сайт пен кез келген Сервистерге қолдау көрсету, оның ішінде Компанияның жұмыс процестеріне қызмет көрсету үшін тартылатын тұлғалар.

Дербес деректер – электронды, қағаз және (немесе) басқадай материалды тасымалдаушыда бекітілген белгілі бір немесе олардың негізінде белгілі болатын дербес деректер субъектісіне қатысты деректер, оның ішінде биометрикалық, сондай-ақ кейіннен оларға енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар.

Пайдаланушы – Сайтты пайдаланатын жеке тұлға.

Құқық иесі – зияткерлік қызмет нәтижесіне ерекше құқығы бар компания, Пайдаланушы немесе кез келген үшінші тұлға.

Сайтhttps://aitu.city домендік атауы бойынша орналасқан, қызметін желі арқылы Интернетте жүзеге асыратын интернет-ресурс.

Сервистер – Сайт Пайдаланушылары үшін қолжетімді қызметтер мен құралдар.

Пайдаланушы келісімі – осы келісім және Сайт жұмысын реттемелейтін немесе Сервистерді пайдалану тәртібін, сондай-ақ Компанияның, оның Серіктестері мен Пайдаланушысының құқықтары мен міндеттерін белгілейтін басқа да қағидалар мен құжаттар.

Есепке алу деректері – Пайдаланушы тіркелу және/немесе Сайтты алғашқы пайдалану кезінде ұсынатын, Компания олардағы кез келген өзгертулер мен толықтыруларды ескере отырып, солардың негізінде Пайдаланушыны анықтайтын деректер.

2. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

2.1 Компания Пайдаланушыға осы Пайдаланушы келісімі талаптарында Сайтты және ондағы қосымша Сервистерді пайдалануды ұсынады. Жекелеген Сервистерді ұсынуға қатысты Компания осы Пайдаланушы келісімінің ажырамас бөлігі болып табылатын арнайы қағидалар белгілеуі мүмкін. Осы Пайдаланушы келісімі ережелері мен арнайы қағидалар арасында қайшылықтар болған жағдайда арнайы қағидалардың ережелері қолданылады.

2.2 Сайтта ұсынылатын Сервистер Пайдаланушыға алдын ала ескертпестен, кез келген сәтте өзгеруі, толығуы, жаңаруы, атқарымдық мүмкіндіктерінің нысаны мен сипатын өзгертуі мүмкін, соған байланысты оларды “сол қалпында”, яғни Компания Пайдаланушы Сервистерге жүгінген сәтте ұсынған түрде және көлемде пайдалану ұсынылады. Компания өз қарауынша жалпы Пайдаланушылардың барлығына не болмаса жекелеген Пайдаланушыға, оның ішінде алдын ала ескертусіз Сайтқа және/немесе оның жекелеген Сервистеріне (не болмаса Сервистер аясында қандай да бір жеке функцияларға) қолдау көрсетуді ұсынуды тоқтатуға (уақытша немесе түпкілікті) құқылы.

2.3 Компания Пайдаланушының Компания қызметкерлеріне де, өзге Пайдаланушыларға да қатысты әдеп нормаларының бұзылуына немесе осы Пайдаланушы келісімі ережелерінің басқадай бұзылуына жол бергені үшін оның Сайтқа, оның атқарымына және/немесе Сервистеріне қолжетімділігін шектеуге немесе тыйым салуға (уақытша немесе түпкілікті) құқылы.

2.4 Егер де Пайдаланушыда екінші Пайдаланушыға қатысты соңғысының Сервистерді және/немесе ол орналастырған ақпаратты және/немесе Контентті пайдалануына байланысты наразылық туындаса, Пайдаланушы ол талаптарды ондай Пайдаланушыға тікелей қойып, наразылықтарын өз бетінше әрі Компанияның қатысуынсыз шешуге міндетті.

3. САЙТҚА ТІРКЕЛУ ТАЛАПТАРЫ

3.1 Кәмелет жасқа толған Пайдаланушы Сайтқа тіркеліп, осы Пайдаланушы келісіміне отырғаннан кейін, Қолданбаны пайдалануға құқылы. Кәмелетке толмаған Пайдаланушы Қолданбаны Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайлар мен тәртіпте пайдалануға құқылы.

3.2 Сайтқа тіркелу кезінде Пайдаланушы Мобильді қондырғының ұялы байланысының абоненттік нөмірін көрсетеді.

3.3 Пайдаланушының Сайтты қолдануы оның осы Пайдаланушы келісімінің талаптарын сөзсіз қабыл алғанын білдіреді.

3.4 Пайдаланушы өзінің Есепке алу деректерінің сақталуын қадағалап, оларды үшінші тұлғаларға ашпауға міндетті. Өзінің Есепке алу деректерін Пайдаланушы атынан және оның мүдделері үшін әрекет ететін немесе мұндай Есепке алу деректерін Пайдаланушымен тиісті келісімдер негізінде алған тұлғаларды қоспағанда үшінші тұлғаларға беруге, сонымен қатар өзінің Есепке алу деректерін Қолданбаны пайдалану үшін қолдануға үшінші тұлғаларға тікелей немесе жанама түрде рұқсат беруге Пайдаланушының құқығы жоқ.

3.5 Пайдаланушының Есепке алу деректері пайдаланыла отырып жасалған кез келген әрекет Пайдаланушының өзі немесе ол өкілеттік берген тұлғалар жасаған әрекет болып саналады және Пайдаланушыға осы Пайдаланушы келісімі мен Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін артылатын жауапкершілікті қоса алғанда, мұндай әрекеттерге қатысты міндеттер мен жауапкершілік белгілейді.

3.6 Осы Пайдаланушы келісімін жасай отырып, Пайдаланушыға Сайтты қолдану мүмкіндігін, Сайт атқарымын дамыту мен жақсарту мүмкіндіктерін беру, сондай-ақ осы Пайдаланушы келісімінің ажырамас бөлігін құрайтын Құпиялылық саясатында көрсетілген басқадай мүмкіндіктерді беру мақсаттары үшін, Пайдаланушы Компанияға төмендегілерге сөзсіз келісімін береді:

  • Пайдаланушының Дербес деректерін барлық қайнар көздерден жинау;
  • Өз қарауынша Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін кез келген тәсілдермен Дербес деректерді өңдеу (оның ішінде Компанияның үлестес тұлғалары және Серіктестері тарапынан);
  • Дербес деректерді Серіктестерге және үлестес тұлғаларға беру, оның ішінде трансшекаралық беру;
  • Компанияның Құпиялылық саясатында көрсетілуі мүмкін Дербес деректерге қатысты өзге құқықтар.

3.7 Осы Пайдаланушы келісімін жасай отыра, Пайдаланушы үшінші тұлғалардан да, Компаниядан да жарнама ақпаратын алу мүмкіндігіне өз келісімін білдіреді. Пайдаланушы Компанияның мазмұнды белгілемейтінін және сілтемелері тиісті материалдарда болуы мүмкін сайттарды қоса алғанда, ондай ақпарат үшін жауапкершілік көтермейтінін түсінеді және онымен келіседі.

4. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

4.1 Пайдаланушы төмендегілерге құқылы:

4.1.1 Осы Пайдаланушы келісімінде көзделген талаптар сақталғаннан кейін Сайтты пайдалануға қолжетімділік алу;

4.1.2 Сайтта бар Сервистердің барлығын пайдалану;

4.1.3 Осы Пайдаланушы келісімінің талаптарын сақтаған жағдайда Контентті жүктеу және басқаға жіберу, бұл ретте Пайдаланушы өзінің Контентін жүктеген және/немесе оны Сайт арқылы жіберген кезде Компанияға Контентке аумақтық тұрғыда шектелмеген лицензия береді және оны Компанияның және Серіктестердің Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаған жағдайда жұмысты қамтамасыз ету, атқарымды ілгері бастыру, жақсарту және Сайт пен Сервистерді жетілдіру мақсаттарына пайдалануына рұқсат береді;

4.1.3 Қолданбаны тек Пайдаланушы келісімінде көзделген және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған мақсаттар мен тәртіпте пайдалану;

4.1.4 Құқыққа қайшы ақпаратты орналастыруды қоса алғанда, өзге Пайдаланушылар мен үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеттері мәселелері бойынша Пайдаланушының шағымдары туындаған жағдайда [email protected] мекенжайына өтініш ресімдеу;

4.1.5 Сайтқа қатысты мәселелері және/немесе тілектері болған жағдайда [email protected] мекенжайы бойынша техникалық қолдау қызметіне тиісті өтініш ресімдеу.

4.2 Пайдаланушы төмендегілерге міндетті:

4.2.1 Сайт пен Сервистерді тек қана олар арналған мақсаттарда пайдалану;

4.2.2 Контентті Сайтқа жүктеген және/немесе ол арқылы жіберген кезде оған құқықтарын сақтаған Құқық иелерінің құқықтарын бұзбау, оның ішінде Контентті қажетті көлемде пайдалануға Құқық иесінің келісімін алу жолымен. Аталған міндеттеме бұзылған жағдайда Пайдаланушы Құқық иесі құқықтарының бұзылғаны үшін толық жауапкершілік көтереді және Компанияны Құқық иесі тарапынан болған кез келген талап арыз бен наразылықтардан қорғауға және/немесе соған байланысты шығындарды өтеуге міндеттенеді.

4.2.2 Компанияға, өзге Пайдаланушыларға, кез келген үшінші тарапқа немесе Құқық иелеріне келтірілген зиянның орнын толтыру.

4.3 Компания келесілерге міндетті:

4.3.1 Осы Пайдаланушы келісімінің талаптарына сәйкес Пайдаланушының Сайтқа қолжетімділігін қамтамасыз ету;

4.3.2 Осы Келісіммен және/немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген жағдайларды қоспағанда, Пайдаланушы жайлы ақпаратты жарияламау, үшінші тұлғаларға бермеу.

4.4 Компания төмендегілерге құқылы:

4.4.1 Пайдаланушыға кез келген жолмен Сайттың жұмысы жайлы ақпаратты жіберуге, оның ішінде Сайт ішінде ақпараттық және басқадай хабарламаларды орналастыру;

4.4.2 Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарына және осы Пайдаланушы келісімінің шарттарына сәйкес болмаса, Компанияға немесе үшінші тұлғаларға зиян келтіретін болса, материалдар мен Контентті редакциялау немесе өшіру;

4.4.3 басқасынан бөлек Пайдаланушы құрылғысының, жүйенің бағдарламалық жасақтамасы жайлы техникалық деректерді қоса алғанда, техникалық деректер мен оларға байланысты ақпаратты жинау және пайдалану. Аталған ақпарат мерзімді түрде жиналып, Пайдаланушыға Сайтқа қатысты бағдарламалық жасақтаманың жаңартылуын, техникалық қолдау мен қызметтер (егер ондайлар болса) ұсынуды жеңілдету мақсатын көздейді;

4.4.4 Сайт жұмысын жақсарту мен тұрақтылығын арттыру мақсатында Пайдаланушының Сайтты пайдалануы туралы статистикалық және басқадай ақпаратты жинау, сақтау және өңдеу құқылы.

4.5 Пайдаланушы Сайттың Компанияға және/немесе Серіктестерге тиесілі зияткерлік меншіктің объектісі болып табылатынын мойындайды. Компания Пайдаланушыға ондай құқықтарға тек Пайдаланушының Сайтты осы Пайдаланушы келісіміне сәйкес жеке пайдалануына дәлелді түрде қажет көлемде ғана ерекше емес, өзгеге беруге болмайтын, қайтарылып алынатын лицензия береді. Пайдаланушыға Компанияның және/немесе оның тиісті үлестес тұлғаларының меншігі болып қала беретін тауар белгілеріне және Компанияның және/немесе Серіктестердің қызмет көрсету белгілеріне ешқандай құқық берілмейді. Сайт бағдарламалық жасақтама болып табылады және “сол қалпында” жағдайларында және оның болу шартымен ұсынылады, әрі Компания Сайтқа қолжетімділік құқығын алудың немесе оны қолданудың қандай да бір мүмкін еместігі үшін жауапкершілік көтермейді.

5. ШЕКТЕУЛЕР

5.1 Пайдаланушыға төмендегілерге тыйым салынады:

5.1.1 Сайт арқылы жарнама, ақпараттық және басқадай материалдарды өзге Пайдаланушыларға олардың келісімінсіз жаппай таратуды жүзеге асыру;

5.1.2 Сайт арқылы мазмұнында қорлау, жала, балағат сөздері бар, бейәдеп немесе басқадай мораль нормаларына қайшы материалдарды; адамның қадір-қасиетін қорлайтын қатігездікті, лаңкестік пен зорлық-зомбылықты көрсететін немесе насихаттайтын материалдарды; сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сай келмейтін өзге материалдарды немесе сондай материалдарды қамтитын интернет-сайттарға, басқа ресурстарға сілтемелерді орналастыру;

5.1.3 Әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тілдік немесе басқадай жағдай негізінде әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық немесе діни өшпенділік пен алауыздықты тудыратын үгіт-насихатты, соғысты насихаттауды, кемсітушілікті жүзеге асыру;

5.1.4 Егер Пайдаланушының өкілеттігі болмаса, Сайт арқылы қолжетімділік шектеулі кез келген ақпаратты (құпия ақпаратты), сондай-ақ кез келген көрінеу жалған ақпаратты орналастыруды және/немесе беруді жүзеге асыру;

5.1.5 Сайт атқарымын және/немесе ол жұмыс жасайтын инфрақұрылымды (платформаны) пайдалану үшін басқа бағдарламалық (Сайттың өзінен басқа) және/немесе аппараттық құралдарды пайдалану;

5.1.6 Сайт инфрақұрылымына үйлесімсіз үлкен жүктемеге алып келетін әрекеттер жасау және басқадай түрде Сайт пен оның инфрақұрылымының жұмысын бұзу;

5.1.7 Кез келген заңсыз алынған Контентті не болмаса әрі қарайғы көшіру, өзгерту, тарату немесе жариялау үшін Құқық иесінің алдын ала рұқсатын талап ететін Контентті ондай рұқсатсыз көшіру, қосу, өзгерту, тарату немесе жұртшылыққа ұсыну;

5.1.8 Сайтты өзгерту, Компанияның және/немесе оның Серіктестерінің ақпараттық ресурстарына, ақпараттық жүйелеріне және деректер базасына заңсыз қолжетімділік алуға бағытталған іс-қимылдарды жасау;

5.1.9 Сайтты лотерея, дауысқа салу, конкурстар, викториналар, жарнама, сауалнама жүргізу үшін, мұндай белсенділіктер Компания тарапынан немесе оның жазбаша рұқсатымен Серіктестер тарапынан жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, пайдалану;

5.1.10 Төтенше жағдайлар кезінде, өмір мен денсаулыққа қауіп төнген кезде, Пайдаланушының және/немесе үшінші тұлғалардың мүлкін күзету мен қорғау үшін Сайт атқарымын пайдалану немесе оған сүйену;

5.2 Осы Пайдаланушы келісімінің 5.1 тармағының ережелерін кез келген бұзу елеулі болып есептеледі және Компанияның осы Пайдаланушы келісімін біржақты тәртіпте бұзуына құқық береді.

6. ЖАУАПКЕРШІЛІК

6.1 Пайдаланушы, өзі орналастыратын ақпараттың мазмұны үшін және Сайтқа орналастырылған ақпаратқа қатысты үшінші тұлғалардың құқығын бұзғаны үшін болатын жауапкершілікті қоса алғанда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Сайтта жүргізілетін іс-әрекеттерге жауапты болып табылады.

6.2 Пайдаланушы Есепке алу деректерін қоса алғанда, тіркелу кезінде Компанияға ұсынатын ақпараттың дұрыстығы үшін жауапты болып табылады.

6.3 Пайдаланушы Сайт арқылы орналастырылатын және таратылатын Контентке және оның мазмұнына қатысты іс-әрекеттерге жауапты болып табылады.

6.4 Компания Пайдаланушылар ұсынған ақпараттың мазмұнына, Пайдаланушылардың немесе үшінші тұлғалардың тауар белгілерін, логотиптерді кез келген басқа зияткерлік меншік объектілерін пайдалануына жауапты емес.

6.5 Компания Пайдаланушының ақпаратты жоғалтып алғанына, сондай-ақ Пайдаланушы Сайт арқылы орналастыратын ақпараттың бұрмалануына немесе хабарламалардың, Контенттің жоғалуына жауапты емес.

6.6 Компания Сайтқа және Сервистерге қатысты қандай да бір кепілдіктер, оның ішінде Компания Пайдаланушыларға Сайт және Сервистер, олар ұсынатын артықшылықтар және/немесе олардың сапасы және/немесе нәтижелері Пайдаланушының талаптары және/немесе мақсаттарына және/немесе оның күткеніне сәйкес келетініне және Сайт пен Сервистер үздіксіз, сенімді түрде және жаңылыссыз ұсынылатынына кепілдіктер ұсынбайды.

6.7 Пайдаланушы Компанияның шектеу себептеріне қатысынсыз Сайттың және Сервистердің қолжетімділігінің шектелуіне байланысты Пайдаланушыға келтірілген, ұтылған пайданы қоса алғанда, ықтимал шығындар үшін жауапкершілік көтермейтініне келіседі.

6.8 Компания (а) күші еңсерілмейтін жағдайлардың әсерін; (б) нормативтік құқықтық актілердің өзгеруін/күшін жоюын; (в) мемлекеттік органдар мен үшінші тұлғалардың іс-қимылын; (г) байланыс операторлары көрсететін қызмет сапасының нашарлауын; (д) Компанияға байланысты емес басқа да себептерді қоса алғанда, бірақ онымен де шектелмей, өз міндеттемелерінің орындалмағаны немесе тиісінше орындалмағаны үшін жауапкершілік көтермейді.

6.9. Кез келген жағдайларда Компанияның осы Пайдаланушы келісімі бойынша жауапкершілігі Компания Пайдаланушысы оған Сервистердің көрсетілуі аясында төлейтін сомамен шектеледі, бірақ 6.9 тармақта көрсетілген шектеу Пайдаланушының өміріне, денсаулығына және мүлкіне зиян келтірілген жағдайда қолданылмайды.

7. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

7.1. Осы Пайдаланушы келісімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қосылу шарты болып табылады. Осы Пайдаланушы келісімінің шарттарын Компания Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз бетінше белгілейді және олар Пайдаланушы тарапынан жалпы алғанда осы Пайдаланушы келісіміне қосылу жолымен ғана қабылданады.

7.2. Кез келген тұлғаның (Пайдаланушының) Сайтта тіркелуге және/немесе оны пайдалануға қатысты іс-әрекеті осы Пайдаланушы келісімімен, Компанияның Құпиялылық саясатымен және осы құжаттарда көрсетілген барлық жағдайлармен келісуінің белгісі болып табылады.

7.3. Осы Пайдаланушы келісімі Пайдаланушының Осы Пайдаланушы келісімінің 3-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және Пайдаланушының Компанияда тіркелген Есепке алу деректерінің болуымен анықталатын Компанияның Пайдаланушыға қызметтер көрсетуі мерзімінде жарамды болады. Сайттан шығу және/немесе есепке алу жазбасынан шығу осы Пайдаланушы келісімін тоқтатпайды

7.4. Пайдаланушы кез келген уақытта, оның ішінде өзгертулер мен толықтыруларға келіспеген жағдайда да, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Сығанақ к. 25 мекенжайы бойынша Компанияға жазбаша хабарландыру жіберу жолымен осы Пайдаланушы келісімінен бас тарта алады (бұдан әрі – Бас тарту).

Осы тармақтың алғашқы абзацының талаптарын ескере отырып, Бас тарту Пайдаланушының Сайтты пайдалануын тоқтатуын топшылайды. Келісімнің 7.2 тармағының талаптары Пайдаланушы Бас тартқаннан кейін Сайтты пайдалануын жалғастырған жағдайда қайта қолданылады.

7.5. Компания Компания сайтында және/немесе бұқаралық ақпарат құралдарында (БАҚ) Пайдаланушы келісімінің өзгертілген редакциясын жариялау жолымен осы Пайдаланушы келісіміне өзгертулер және/немесе толықтырулар енгізе алады. Мұндай өзгертулер мен толықтырулар Сайт атқарымы аясында олардың қабылданғаны жайлы тиісті түймешік басылғаннан кейін не болмаса олар жарияланғаннан кейін 7 (жеті) күнтізбелік күн өткен соң Пайдаланушы Сайтты пайдалануын жалғастыра берсе, Пайдаланушы тарапынан қабылданған болып саналады. Пайдаланушы келісімінің қолданыстағы редакциясы Компания сайтына келесі сілтеме бойынша орналастырылады: https://aitu.city/terms.

7.6. Компания осы Пайдаланушы келісімі бойынша өз құқықтарын және/немесе міндеттерін толық та, олардың бір бөлігін де Пайдаланушының келісімінсіз үшінші тұлғаға беруге құқылы. Осы Келісім бойынша құқықтар және/немесе міндеттердің берілуінің жүзеге асықаны жайлы хабарландыру оны Сайтқа орналастыру жолымен Пайдаланушыға хабардар етіледі.

7.7. Осы Пайдаланушы құқығымен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуге жатады.

7.8. Осы Пайдаланушы келісімін орындаумен байланысты кез келген даулар мен келіспеушіліктер туындаған жағдайда Пайдаланушы мен Компания оларды өз араларында міндетті сотқа дейінгі (кінәрат-талаптық) тәртіпті қолдана отырып келіссөздер жүргізу жолымен шешу үшін бар күш-жігерін салады. Даулар келіссөз жүргізу жолымен шешілмеген жағдайда, олар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте Компанияның орналасу орны (заңды мекенжайы) бойынша жалпы хұкімді соттарында шешуге жатады.

7.9. Осы Пайдаланушы келісімі қазақ және орыс тілдеріндегі заңды күші бірдей екі данада құрастырылды.

Сайтқа кіру
Жабу
Войти с помощью aitu.passportВойти с помощью aitu.passport