iKOMEK 109
Контактілер
WhatsApp чат-боты: +77471090109
109 (Қалалық және ұялы телефондардан тегін нөмір)
Чат-бот Telegram
iKOMEK 109 мобильді қолданбасы
PlayMarket | AppStore
Smart Astana мобильді қолданбасы
PlayMarket | AppStore
Серіктес жайлы

Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығы коммуналдық кәсіпорындардың барлық байланыс орталықтарын біріктіреді және 24\/7 тәртібінде жұмыс жасайтын қала тұрғындарымен байланысатын жалғыз торап болып табылады. \n\niKOMEK109 орталығы жұмысының негізгі бағыттары – тұрғындардың өтініштерін қабылдау, орын алған жайттарды, апаттарды шешуде коммуналдық және жедел қызметтер жұмысын үйлестіру, жағдаяттардың уақытылы шешілуін бақылау, құқықбұзушылық жайттарын анықтау және өңдеу, алдын алу шаралары саясатын құру, сонымен қатар қалалық бейнебақылау жүйесі арқылы қаладағы жағдаятты «дәл осы жерде және қазір» тәртібінде шұғыл бақылау. \n\nБарлық өтініштер өңделеді және тұрғындар өтініштерінің тізіліміне енгізіліп, тіркеу нөмірі беріледі және ары қарай мәселе белгіленген мерзім ішінде шешілуі үшін мемлекеттік органдарға, коммуналдық қызметтерге жолданады. Күнделікті 5-тен 14 мыңға дейін өтініш келіп түседі. Өтініштердің атқарылу пайызы – 99%. \n\n2018 жылы аудандар, әкімдік аппараты мен басқармалар кеңселеріне келіп түсетін ресми өтініштердің 20%-ға төмендегені байқалды. iKOMEK109 орталығының қызметтер каталогында 1800-ден астам қызмет бар, оларға оператор бірінші қоңыраудан-ақ жауап бере алады. Барынша ыңғайлы болуы үшін өтінішті Facebook, Instagram, Telegram-бот әлеуметтік желілері немесе Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің сайты арқылы жіберу мүмкіндігі бар.
БАҚ iKOMEK 109 жайында
Elorda.info Елордада өтініштер қабылдайтын жаңа портал іске қосылды Толығырақ
Elorda.info «іKOMEK» орталығы қызметіне жауапсыз мекемелер тізімін жасақтады Толығырақ
24.kz iKOMEK109 орталығының WhatsApp чат боты ашылды Толығырақ
Astana.gov.kz iKOMEK109 қалай құралған Толығырақ
Сайтқа кіру
Жабу
Войти с помощью aitu.passportВойти с помощью aitu.passport