Құпиялылық саясаты

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1.  «BTS Digital» ЖШС (бұдан әрі – «Компания»), Пайдаланушылардың дербес деректерінің құпиялылығын сақтау маңыздылығын түсініп және адам құқығын сақтауға бейілділігін таныта отырып, осы Құпиялылық саясатын (бұдан әрі – «Саясат») әзірледі. 

1.2. Компанияның және/немесе оның үлестес тұлғаларының қолданбаларын, интернет-ресурстарын, сайттарын, өнімдері мен сервистерін (бұдан әрі - «Сервис» немесе «Сервистер») пайдалану бойынша Құпиялылық саясаты (бұдан әрі – «Саясат») Пайдаланушы келісімінің ажырамас бөлігі болып табылады және Пайдаланушы келісіміне қосылған Пайдаланушылардың барлығына қатысты қолданылады. Компания аталған Саясатқа Саясаттың өзгертілген редакциясын Компания сайтына орналастыру және/немесе бұқаралық ақпарат құралдарында (БАҚ) жариялау жолымен өзгертулер және/немесе толықтырулар енгізе алады. Мұндай өзгертулер мен толықтырулар Сервис атқарымы шеңберінде олардың қабылданғаны жайлы тиісті түймешік басылғаннан кейін немесе немесе олар жарияланған күннен кейінгі 7 (жеті) күнтізбелік күн өткен соң Пайдаланушы Сервисті пайдалануын жалғастырса, Пайдаланушы тарапынан қабылданған болып саналады. Осы Саясаттың қолданыстағы редакциясы Компания сайтында https://aitu.city/privacy  сілтемеcі бойынша орналасады.   

1.3. Осы Саясатта қолданылатын терминдер мен анықтамалар, егер де Саясатта басқасы белгіленбеген болса, Пайдаланушы келісіміндегідей мағынаға ие. 

1.4. Осы Саясаттың мақсаты Пайдаланушының дербес деректерін жинау мен өңдеу мақсаттары жайында, Сервистерді пайдалану аясында Пайдаланушылардың қандай дербес деректері жиналып, өңделетіні жайлы және Пайдаланушылардың дербес деректерін қорғауға қатысты Компания қолданатын шаралар туралы Компания тарапынан ақпараттандыру болып табылады.

1.5. Осы Саясат тек Сервистерге және олар арқылы жиналатын ақпаратқа ғана таралады. Ол басқа ешқандай қолданбалар мен ресурстарға таралмайды және веб-қолданбаларға немесе үшінші тұлғалардың басқа қолданбаларына қолданылмайды.

2. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ 

2.1. Пайдаланушылардың дербес деректерін жинау және өңдеу Компания тарапынан да, оның Серіктестері тарапынан да жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте Пайдаланушылардың Дербес деректерін жинау және өңдеу  Пайдаланушы келісімін орындау, Пайдаланушыға Сервистерді ұсыну, оның ішінде оған Қосымшаны пайдалануға қатысты хабарландырулар, ақпарат жіберу, сондай-ақ Пайдаланушының сұратуларын өңдеу, Пайдаланушыны Пайдаланушы келісіміне өзгертулер және/немесе толықтырулар енгізілгенінен хабардар ету, Пайдаланушыға дербестендірілген қызметтерді және жарнама материалдары мен контентті таргеттеуді ұсынуды қоса алғанда, ұсынылатын Сервистер, маркетингтік белсенділіктер, жарнама науқандары және нарықты зерттеулер сапасын арттыру, жаңа Сервистерді әзірлеу және ұсыну, Пайдаланушылардың конкурстарға қатысуы, сонымен қатар қолданыстағы заңнамаға сәйкес Компанияның құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруы мақсатында жүзеге асырылады. Дербес деректерді жинау мен өңдеудің қосымша мақсаттары жекелеген Сервистерді пайдалану шеңберінде мәлімделуі мүмкін.

2.2. Сервистерді пайдалану кезінде Компания немесе Серіктес ұялы телефон нөмірін, электронды пошта мекенжайын, IP мекенжайын, геолокация жайындағы ақпаратты, іздеу сұратуларының тарихын, кірулер күні мен уақытын, сонымен қатар қолжетімді «cookies»-ті, браузер және операциялық жүйе туралы ақпаратты, Аватар (Пайдаланушы орналастырған сурет), сайттағы пайдаланушы аты, жынысы, туған күні, Пайдаланушының қолжетімділік құқығын келісу және растау секілді пайдаланушы ұсынған деректерді және жоғарыда 2.1 тармақта көрсетілген жинау мен өңдеу мақсаттарына қол жеткізуге қажетті өзге деректерді қоса алғанда, Пайдаланушы ұсынған деректерді жинап, өңдеуі мүмкін. 

2.3. Дербес деректер Пайдаланушы тарапынан толықтырылуы мүмкін. Оған қоса, Компания Пайдаланушының дербес деректерін ашық дереккөздер арқылы немесе  Компаниямен шарттық қарым-қатынас негізінде үшінші тұлғалардан толықтыра немесе нақтылай алады.  

2.4. Дербес деректерді сақтау Компания тарапынан Қазақстан Республикасы аумағында Пайдаланушы келісімі бойынша оларды жинау мен өңдеу мақсаттарына қол жеткізуге қажетті мерзім ішінде және қандай да бір заңнамада анағұрлым қысөа уақыт белгіленбесе, көрсетілген Пайдаланушы келісімінің қолданысы тоқтатылғаннан кейін үш жыл ішінде жүзеге асырылады. 

2.5. Пайдаланушы Дербес деректерін жинау мен өңдеуге берген өзінің келісімін қайтарып алуына болады. Келісімді қайтарып алу Пайдаланушы келісімін тоқтата тұруға немесе тоқтатуға  алып келуі мүмкін. Келісімді қайтарып алу үшін Пайдаланушы Пайдаланушы келісімінде көрсетілген Компания мекенжайына жазбаша өтініш беруі керек. 

3. ҚҰПИЯЛЫЛЫҚТЫ САҚТАУ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ 

3.1. Пайдаланушылардың дербес деректері құпия ақпарат болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалады. 

3.2. Компания мен оның Серіктестері заманауи технологиялар мен ішкі рәсімдерге ие және Дербес деректерді бөгде араласулардан, ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізу, оны өзгерту, ашу немесе жою әрекеттерінен қорғауға бағытталған барлық іс-әрекетті жүзеге асырады. Компания өзінің әрбір Серіктесімен Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген нысанда ақпараттың, оның ішінде Пайдаланушылардың дербес деректерінің құпиялылығын көздейтін шарттың болуын қамтамасыз етеді.

3.3. Сервистер интернет желісінде Пайдаланушы мен Қосымша арасында жүретін деректердің қорғалуын TLS v1.2 криптографиялық хаттамасын пайдалана отырып, HTTPS қорғалған хаттамасы бойынша қамтамасыз етеді. 

3.4. Пайдаланушылардың Дербес деректеріне қолжетімділік тек Компания мен Серіктестердің аталған ақпарат қызметтік міндеттерін атқару үшін қажетті қызметкерлеріне ғана беріледі. 

3.5.  Компания мен Серіктестіктің барлық қызметкерлері және Дербес деректермен жұмыс істейтін өзге тұлғалар құпия ақпаратты жарияламау туралы міндеттемеге қол қояды, сондай-ақ оларға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының Дербес деректерді өңдеу саласындағы нормалары мен талаптарын бұзған жағдайдағы ықтимал тәртіптік, әкімшілік, азаматтық-құқықтық және қылмыстық жауапкершілік туралы ескертілді.

3. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ҮШІНШІ ТҰЛҒАЛАРҒА ҰСЫНУ 

4.1. Дербес деректерді үшінші тұлғаларға ұсыну Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген тәртіпте және жағдайларда жүргізіледі.

4.2. Пайдаланушы келісімін орындау және Сервистерді  пайдаланудың пайдаланушылық тәжірибесін жақсарту мақсатында Компания Сервистердің жаңа атқарымын (ақпараттық, жарнама, білім беру, ойын-сауық және басқадай сипаттағы сервистер мен өнімдерді қоса алғанда), оның ішінде үлестес тұлғалар мен Серіктестерді тарта отырып, дамытады, жетілдіреді, оңтайландырады және енгізеді. Аталған мақсаттарды іске асыруды қамтамасыз ету үшін Пайдаланушы Компанияның қолданыстағы заңнаманы сақтай отыра, Пайдаланушының Дербес деректерін, ондай деректерді автоматтандырылған өңдеу нәтижелерін, оның ішінде бүтінсанды және/немесе мәтінді мәндер мен сәйкестендіргіштер түріндегі нәтижелерін қоса алғандағы өңдеуді, оларды үлестес тұлғаларға және/немесе Серіктестерге мұндай өңдеуге келісімді орындау үшін трансшекаралық беруді қоса алғандағы беруді жүзеге асыруына келісіп, рұқсат береді. 

4.3. Дербес деректерді үшінші тұлғаларға берген жағдайда Компания оларды рұқсатсыз пайдаланудан қорғау бойынша барлық ұйғарынды шараларды қолданады және оларды осы Саясаттың және Қазақстан Республикасы заңнамасының ережелеріне сәйкес пайдалануға міндеттенеді. Компания Пайдаланушылардың жеке өмірге кіріспеушілікке құқығын қамтамасыз етеді және сәйкесінше ешқандай үшінші тұлға, оның ішінде Серіктестер де, Пайдаланушылардың хат алмасуы жөніндегі ақпаратты алмайды. 

4.4. Жоғарыдағы 4.1-4. 3 тармақтардың ережелеріне қарамастан, Пайдаланушы оның деректері Интернет арқылы берілетінін және Компания Пайдаланушы Сервиске және оның басқа сервистеріне беретін, қандай да бір құқыққа қарсы әрекеттер нәтижесінде үшінші тұлғалар рұқсатсыз қолжетімділік алуы мүмкін деректердің қауіпсіздігіне кепілдік бермейтінін түсінеді. Осыған байланысты деректерді кез келген беруді Пайдаланушы тәуекелге бара отырып жүзеге асырады және Компания деректердің не олардың бір бөлігінің мәлім болуы және сәйкесінше Пайдаланушыға зиян келуі үшін жауапкершілік көтермейді.

Модерация саясаты

1-бөлім. Жалпы ережелер

1.1 Аitu.city веб-сайты (бұдан әрі - Сайт) - азаматтардың өтініштерін қабылдауға және өңдеуге арналған сервис.

1.2 Аitu.city веб-сайтының модерация саясатын (бұдан әрі - Модерация саясаты) өтініштерді беру және қарастыру процесіне қатысушылардың қызметін реттеу мақсатында Сайт әкімшілігі әзірледі.

1.3. Модерация саясаты, Сайттың барлық Пайдаланушылары орындауға міндетті, Сайтта материалдарды (бұдан әрі - "Контент") орналастыруға қатысты бірқатар қағидаларды қамтиды. Қағидалар, сондай-ақ, құқықтары мен мүдделері Сайтты Пайдаланушылардың қызметінің нәтижесінде қозғалуы мүмкін үшінші тұлғалармен байланысты қатынастарға да қолданылады.

1.4. Модерация саясатының қолданыстағы редакциясы Интернет желісінде https://aitu.city/terms мекенжайы бойынша орналасқан. Аталған редакцияны Сайт әкімшілігі Сайттың Пайдаланушыларына алдын ала ескертпестен өзгерте алады және/немесе толықтыра алады. Модерация туралы ережеге толықтырулар және/немесе өзгерістер енгізілгеннен кейін Пайдаланушының Сайт шеңберінде қызметін жалғастыруы Сайт пайдаланушысының сайттың жаңа қағидаларымен келісетіндігін білдіреді.

1.5 Өтініштерді өңдеу және шешу жөніндегі серіктес Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы" ШЖҚ МҚК (бұдан әрі - iKOMEK) болып табылады. Пайдаланушы жолдаған өтініш автоматты түрде серіктес - iKOMEK-ке жіберіледі. iKOMEK өтініштерді өңдейді, мәртебесін өзгертеді, егер өтінішті шешу үшін қажет болса, пайдаланушылардың өтініштерін үшінші тұлғаларға жібереді.

2-бөлім. Негізгі мақсаттар

2.1 Сайтта контентті орналастырудың тәртібі мен ерекшеліктерін анықтайтын бірыңғай қағидалар жиынтығын бекіту.

2.2 Сайтты пайдаланушылардың Сайтта орналасатын контенттің мазмұны мен сапасына қатысты жол беретін бұзушылықтарының ықтимал типтерін құрылымдау.

2.3 Модератордың әрекеттерін белсенді қылатын "Ұнамсыз" және "Тыйым салынған контент" түсініктерінің мағынасын ашу.

3-бөлім. Қағидалар

Азаматтардың аталған сайт арқылы келіп түскен барлық өтініштері модерациядан өтуге жатады.

3.1 Ұнамсыз және тыйым салынған контент ретінде Пайдаланушы Сайтты пайдаланған кезде жүктеген және келесі сипаттамаларға ие ақпарат түсініледі:

  • әдепсіз, дөрекі болып саналатын, порнографиялық сипатқа ие;

  • ішінде балағат, дөрекі сөздер болатын, орыс немесе қазақ тілдерінің тазалығын бұзатын

  • ар-намыс пен абыройға және іскерлік беделге кір келтіретін, беделді түсіретін, қорлайтын, қауіп-қатер төндіретін, жеке өмірге қол сұқпаушылықты бұзатын және Сайттың басқа да Пайдаланушыларының және үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзатын

  • жануарларға зорлық, дөрекілік көрсету көріністері бар, қылмыстық әрекеттерді насихаттайтын немесе қылмыстық әрекеттерді жасауға итермелейтін

  • ұлтаралық өшпенділікті немесе қастастықты (терроризм, нәсілшілдік, шовинизм) қоздыруға ықпал ететін, фашизмді немесе өзге де экстремистік идеологияларды насихаттайтын

  • есірткі және темекі туралы ақпаратты, олардың жарнамасын қамтитын, өмірге төнетін қауіпті және қолданудың қауіпті салдарларын жасыратын

  • спам болып саналатын ақпарат, яғни басқа Пайдаланушылардың келісімі алынбаған коммерциялық, саяси немесе өзге де жарнамалық ақпараттың жаппай таратылуы

  • Сайтты Пайдаланушылардың құқықтары мен мүдделерін немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын өзге де тәсілдермен бұзатын

3.2 Модератор Пайдаланушылардың Сайтта орналастырған барлық материалдарын модерациядан өткізуге, яғни осы материалдардың мазмұны мен сапасын қадағалауға құқылы және қажет болған жағдайда, өз қарауы бойынша, ескертусіз және себептерін түсіндірусіз оларды жоюға және орындарын ауыстыруға құқылы.

3.3 Іс-әрекеті Сайт шеңберінде аталған қағидаларға қайшы келетін Пайдаланушыға әсер ету шарасы Модератордың қарауы бойынша анықталады және Сайтты Пайдаланушыны алдын ала немесе кейіннен ескертпестен, ұнамсыз/тыйым салынған контентті жасыруды немесе жоюды көздеуі мүмкін.

4-бөлім. Пайдаланушының құқықтары мен міндеттері

4.1. Сайтта тіркелген кезде Пайдаланушы Сайтты пайдаланумен және оның жұмыс істеуімен байланысты көрсетілген құқықтар мен міндеттерді қабылдай отырып, Құпиялылық саясатымен танысуға міндетті (жекелей алғанда, осы Модерация саясатына баса аудару қажет).

4.2. Тіркелгеннен кейін Пайдаланушы өтініштер жасау, өтініштерді жариялау және Сайт ішіндегі ақпараттық кеңістікті жеке коммерциялық емес мақсаттарда пайдалану құқығына ие болады.

4.3. Пайдаланушы Құпиялылық Саясатына, Модерация саясатына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, Сайттың аталған бөлімдерінде контентті құрумен, орналастырумен, сақтаумен және жіберумен байланысты өзінің барлық әрекеттері үшін толығымен жауапты болады.

4.4 Егер Сіз Сайтта дербес деректеріңізді веб-нысанды толтыру немесе электрондық хатты жіберу секілді әдістерді пайдалана отырып ұсынуды шешсеңіз, ақпарат Сіз берген өтінішті шешуге көмектесу үшін немесе Сіздің хабарламаңызға жауап беру үшін пайдаланылатын болады. Қажетті деректер сіздің сұратуларыңызды қанағаттандыру үшін басқа да мемлекеттік мекемелерге ұсынылуы мүмкін. Сіздің дербес деректеріңіз қандай да бір үшінші тұлғалардың сіздің өтінішіңізді шешуге қатысуы жағдайларын есепке алмағанда, басқа үшінші тұлғаларға берілмейді.