Үйіміздің дәл қасында қоқыс контейнер алаңы жақын орналасқан, ешқандай санитарлық, экологиялық стандарт заңдылықтарына сәйкес келмейді. Жазда неше түрлі насекомдардың, кеміруші тышқандардың ұясы, сасық иіс шығып үйіміздің терезесін аша алмаймыз. Осы үйдің тұрғындарының атынан қоқыс алаңынасанитарлық талаптарға сәйкес үйімізден алысырақ орнатуларыңызды сұраймыз. КСК ға бірнеше рет айтылды, құлақ асар емес.
Двор
- Ход решения обращения
- Комментарии (5)
Обращение "SD3990689" добавлено
Құрметті, Әбілжан Досжан! Сіздің өтінішіңізге: "Қоқыс алаңын қайта орнату туралы мәселені объективті қарау үшін, сізге Тәуелсіздік даңғылы, 7 мекен-жайы бойынша жазбаша түрде ресми өтінішпен аудан әкімдігіне жүгініп, ұсынылған орынды анықтай отырып, тұрғындардың кемінде 70% келісімі туралы тұрғындардың жалпы жиналысының хаттамасын қоса беруіңіз қажет", ММ "Нұр-Сұлтан қаласының «Алматы» ауданы әкімі аппараты" берген жауабына сәйкес хабарлайды. Қала тіршілігіне белсене қатысқаныңыз үшін алғыс білдіреміз.