Отработано
SD6094361

Сәлеметсіздер ме!? Жк Саранда қалашығының КСК пәтер иелері кооперативі мүлдем жұмыс жасамайды. Жылыны бір мәрте жеңіл жоңдеу жұмыстары жүргізу керек еді, міне 8 жыл болды бір де бір жөндеу жұмысы жүргізілген жоқ.Үй құлауға жақын тұр, біз сонда эксплуатациялық шығынға кететін төлемді не үшін төлеудеміз. Сіздерге осы жөнінде бірнеше рет жаздым, еш өзгеріс жоқ. Сол жағалаудын орталық көшелерінде тұрып, үйіміз азып құлап жатыр. Сіздерден өтініп сұрарымыз,осы кооперативке шара қолдануыңызды.Немесе басқа коорператив ауысуын талап етеміз. Рахмет.

Дом

640
просмотров
Поддержать обращение
0
Поделиться в соц. сетях
Рассказать друзьям
Местоположение
map marker
/ 38-я улица, дом 14
Вложения
Публикация обращения
Ваше обращение доступно для просмотра другими пользователями. Хотите скрыть?
Пожаловаться на обращение
1
Создано
03 Sep 2021 21:29
2
Зарегистрировано
avatar
03 Sep 2021 21:29

Обращение "SD6094361" добавлено

3
В работе
03 Sep 2021 22:11
4
Отработано
avatar
06 Sep 2021 21:38

Құрметті Алуа Нурашева! Сіздің өтінішіңізге: "Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы (бұдан әрі – Заң) 2 бабының 14 тармақшасына сәйкесғ, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері (қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, холдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен баспалдақ алаңдары, лифтілер, шатырлар, шатырастылар, техникалық қабаттар, жертөлелер, үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үй тұрған жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және ортақ пайдаланылатын басқа да мүлік). Және Заңның 50 бабының 1 тармағына сәйкес, пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың меншік иесі өзіне тиесілі пәтерді, тұрғын емес үй-жайды, сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау ауыртпалығын көтереді. Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар ай сайын жүргізіледі. Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың мөлшері пәтер, тұрғын емес үй-жай меншік иесінің ортақ мүліктегі үлесіне мөлшерлес белгіленеді. Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстарға жатпайтын қосымша шығыстар пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелеріне олардың жазбаша келісімінсіз және (немесе) жиналыстың шешімінсіз жүктелмейді. Сәйкесінше айсайын төленетін эксплуатациондық шығындар тұрғын үйдің кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық пайдалану, санитариялық күтіп-ұстау және ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарын жасауға жұмсалады. Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін, Заңның 32 бабының 7 тармағына сәйкес, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге ақша жинақтау үшін пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың меншік иесі өзіне тиесілі пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың пайдалы алаңының бір шаршы метріне есептегенде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштіктің кемінде 0,005 еселенген мөлшеріндегі ақшаны ай сайын жинақ шотына аударуға міндетті. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған ақша кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу мақсаттарына ғана, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге алынған тұрғын үй қарызын өтеуге талап етілуі мүмкін және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған шарттарды қоспағанда, пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің міндеттемелері бойынша кепіл нысанасы бола алмайды. Жинақ шотында жинақталған ақшаны жұмсау жиналыстың шешімі бойынша ғана жүзеге асырылады. Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жинақ шотында ақша қаражатын жинау есебінен не ақау актісі мен шығыстар сметасына сәйкес нысаналы жинау жолымен жүзеге асырылуға тиіс екенін хабарлаймыз. Егер тұрғын үйге қызмет көрсететін мекеменің жұмысы қанағаттанарлықсыз болған жағдайда, Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы (бұдан әрі - Заң) 2020 жылдың 7 қаңтарында еңгізілген өзгертулермен толықтыруларды күшіне еңген ескере отырып, Заңның 42 бабы келесіні көздейді, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқару, оны күтіп-ұстауды қаржыландыру және кондоминиум объектісі ортақ мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету үшін кондоминиум объектісін басқарудың мынадай нысандарының бірін таңдауға міндетті: мүліктің меншік иелері бірлестігі; көппәтерлі тұрғын үйдің жай серіктестігі (жай серіктестік). Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері осы баптың 1-тармағында айқындалған, кондоминиум объектісін басқару нысандарын таңдауда және ауыстыруда ерікті болады. Аталған сұрақ Заңның 42-1 бабындағы нормасына сәйкес, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жалпы жиналысының міндетті қарастыруына жататынын хабарлаймыз", «Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» ММ берген жауабына сәйкес хабарлайды. Қала тіршілігіне белсене қатысқаныңыз үшін алғыс білдіреміз.

Возможно, вам будет интересно

Вход на сайт
Закрыть
Войти с помощью aitu.passportВойти с помощью aitu.passport